Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
А.Нұралин Қазақстан Халық партиясы фракциясы атынан өкілеттілігін тоқтатқан Гауһар Танашеваның орнына келді.
Бүгін ол Мәжіліс депутаты ретінде ант беріп, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.
Бұған дейін Мәжілістегі ҚХП фракциясының мүшесі болған Гаухар Танашеваның депутаттық өкілеттігі тоқтағаны туралы хабарлаған едік.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.