Батыс Қазақстанда улы зат тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Улы зат тиелген жүк көлігі Беларусь Республикасына тиесілі.

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында 21 тонна химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып, аударылып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, жүк көлігінде улы зат – тетрагидрофуран тиелген жүк көлігі Беларусь Республикасына тиесілі.

– Ыдыстар аударылғанымен, ішіндегі сұйық төгілмеген. ТЖМ қызметкерлері ағып кету қаупі мен халық пен қоршаған ортаға төнетін қауіпті тексерді. Радиациялық-химиялық қызмет оның ауадағы шоғырлануын өлшеді. Қатер табылмады, – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ мамандар жүк көлігінің жүргізушісіне жүкті қауіпсіз тиеуге және жүкті одан әрі тасымалдауға көмектесті.