Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды
Ол жарыстың негізгі кезеңіне өтіп, медаль үшін күресетін болды.

Тунисте үстел теннисінен WTT Youth Contender Tunis халықаралық турнирі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Аikyn.kz. 

ҚР ҰОК мәліметінше, оған Азия, Африка және Еуропаның 20 елінен спортшылар қатысып жатыр.

19 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында қазақстандық Алан Құрманғалиев өз тобында Тунис спортшысы Адем Халуфиді 3:1 және малайзиялық Хон Ю Тейді 3:1 есебімен жеңді.

Ол жарыстың негізгі кезеңіне өтіп, медаль үшін күресетін болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.