Түнгі клубтағы іс-шараларға тыйым салынады - министр

Түнгі клубтағы іс-шараларға тыйым салынады - министр

Қазақстанда коронавирустың таралу қаупіне байланысты түнгі клубтарда іс-шараларға тыйым салынған. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова хабарлады.

"Ұсынымдарға сәйкес 13 наурыздан бастап көптеген адамдар қатысатын бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Түнгі клубтар осы регламентке сәйкес келеді. Сондықтан да, бұл мекемелерде іс - шаралар өткізуге тыйым салынады, себебі бұл адамдардың жақын маңдағы жаппай жиналуы және белгілі бір қауіп төндіреді", - деді Раимқұлова ОКҚ брифингінде.