Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова болмай қалған концерттерге және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларға билеттерді қайтаруға болатынын хабарлады.
"Әрине, өздеріңіз білесіздер, бұл күндері, әсіресе мереке күндері көптеген іс-шаралар мен түрлі концерттер өткізу жоспарланған. Елде қабылданған шараларға байланысты барлық іс-шаралар тоқтатылды Билеттерді сатып алған азаматтарымыз Билеттерді сатып алған жерде тапсыруға мүмкіндігі бар. Ақша қайтарылатын болады", - деді Мәдениет және спорт министрі Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.