ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен бүгін, 17 қаңтарда Астана уақытымен 22 сағат 08 минутта жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақастан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 220 км жерде орналасқан.
Сезілетіні туралы мәліметтер
Есептік қарқындылығы: Жетісу облысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласы - 2 балл, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Чунджа ауылы - 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.