Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қазақстандықтар үшін бала күту үшін ақы төленетін демалыс туралы мәлімдеме жасады.
"Президент бұл мәселені жұмыс берушілермен пысықтауды тапсырды. Қазіргі уақытта біздің министрлік ұсыныстар әзірлеп, облыс әкімдіктеріне жіберілді. Тиісінше, қазір жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бірақ қолданыстағы кодексте демалыс кестеге сәйкес немесе тараптардың келісімі бойынша кез келген уақытта ұсынылады. Еңбек заңнамасы кедергі келтірмейді", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев.