Жылыжайда жай қалай?
Жылыжайда жай қалай?
236
оқылды
Елімізде биылдан бастап жылыжайлар санын көбейту жұмыстары қолға алынбақ. «Қарапайым заттар экономикасы» аясындағы жоба Ұлттық банк, Аграрлық несие корпорациясы және инвестициялар есебінен қаржыландырылады. Жылыжай салуды көздеген шаруаларға арнайы субсидиялар да қарастырылған. Бірақ осы миллиардтаған теңгені қажет ететін жоба ертеңгі күні өз нәтижесін бере ме?  

Шаруашылық жылыжайлар тиімсіз

Статистика комитеті ел аумағында жылыжайлар 12 мың гектардан астам жерді алып жатыр деп жазды. Ал «Аграрлық несие корпо­ра­циясының» ақпаратына сай қазір елімізде 31 жылыжай ке­шені жұмыс істеп тұр. Де­генмен жылыжай ашу бар да, оны ұстап тұру, керегінше өнім алып тұру екінің бірінің қолынан келмейді. Сонымен бірге бізде агрономдар тапшы деген әңгімелер жиі айты­ла­ды. Осы салада жүрген Қазақ­станның жылыжайлар қа­уым­дастығының өкілдері де шаруашылық жылыжайлар тиімсіз бизнес деген пікірде. Қауымдастықтың атқарушы директоры Маржан Қанатова: «Бұл өте қымбат жоба. Сон­дықтан субсидияларды қай­таруға көп уақыт кетеді. Қа­зақстанда жылыжай кеше­нінің құрылысына жылдық ставкасы 15% несие беріледі. Оның 10%-і мемлекет есебі­нен субсидияланады. Осы­лай­ша, қарыз алушы жылдық мөлшерлемесі 5% несиені төлейді. Жылыжай кешенінің құрылысына және оны жаб­дықтауға да арнайы уақыт беріледі. Әсіресе, шыны ны­сандардың құрылысына көп қаржы кетеді» дейді. Электр энергиясының қым­батта­уынан да субсидиялар ақ­талмайды екен. «Жеңілде­тілген несиені алғанның өзін­де, оны қайтаруға ондаған жыл уақыт кетеді. Сондықтан шаруашылық жылыжайлар тиімсіз бизнес. Бұған қара­мастан, Қазақстанда саланы дамытуға ден қойылған» деп қынжылады мамандар. Иә, бизнесті дүрілдетіп, кәсіптен нәсіп көріп отырған жылыжайлар негізінен мил­лиардтаған қаржы салып, елі­­міз ғана емес шетел нары­ғына шыққан, «Аделя», «BRB APK» сынды кәсіпорындар. Олардың өзі біраз қиындық көрді. Мысалы, бір ғана «Аде­ля» компаниясына «ҚазАгро» Ұлттық холдингі 2 млрд 187,7 млн теңге инвес­тиция құйды. Мұнда жүзден астам маман­ жабық топы­рақта көкө­ніс өсірумен ай­налысады, олар­дың көбі жы­лыжай тех­но­логиясы бо­йынша оқы­тыл­ған. Алғашқы уақытта Гол­ландиядан агро­номдарды шақыру қажеттілігі де болған.  

Шетелге жүгіну, солардан маман іздеу тығырыққа ті­реуде. Ал бізде оқыған маман­дар ауылдық жерден қашады да, ірі бизнес орындарын сағалайды. Оған да себеп бар, өз жанын әзер бағып отырған, табысының жартысы ток, суға, несиесін төлеуге кетіп жатқан жеке шаруашылық иесі тәжірибелі агрономға жалақыны қалай тауып бере алады? Осыдан барып ашы­лып, кейін шашылып қалған жылыжайлар да жетерлік. 2017 жылы бұқаралық ақпа­рат құралдарында Шым­кенттің іргесіндегі ірі жы­лыжай шаруашылығы құлдыраудың алдында тұр деген жарияланым желдей есті.

 

Ізгі шара игілігін берсе жақсы

Бұл жоба шетелдің емес, дастарқанда өзіміздің отан­дық көкөніс, жеміс-жидекті көру үшін жасалып жатқан игі шара екені түсінікті. Де­генмен білікті маман тап­шылығы, электр энергия­сының қымбаттығы, жылыту жүйесінің дұрыс қамтамасыз етілмеуі жеке шаруашылық иелеріне жылыжайды табыс көзіне айналдыруға қол­байлау болып тұр. Мысалы, 2019 жылы несие алып, Ақтөбе облысы Ойыл ауда­нында жылыжай салған же­ке кәсіпкер Сапура Мырза­ғалиева: – Жылыжайды ашқаны­мызға көп болмады. Қияр, қызанақ өсірдік. Кейін құл­пынайға көштік, алғашқы өнімді де алдық. Бізде қыс ұзақ қой. Қазіргі табысымыз жан бағуға ғана жетіп тұр. Газбен жылытамыз. Жарық­тандыру үшін электр ком­паниясымен шартқа отыр­ғанбыз, енді соның балама жолын іздеуіміз керек. Өйт­кені токқа да біраз қаржы кетеді. Бізде қазір білікті агро­номдар жоқ. Сол жағы жұмысымызды алға жыл­жытпай тұр. Үлкен шаруа­шылықтар шетелден арнайы мамандарды шақырып мәселесін шешеді. Олардың құны қымбат. Сол жағын да ескеру керек, – дейді.  

Мамандар тапшы

Шетелге жүгіну, солардан маман іздеу тығырыққа ті­реуде. Ал бізде оқыған маман­дар ауылдық жерден қашады да, ірі бизнес орындарын сағалайды. Оған да себеп бар, өз жанын әзер бағып отырған, табысының жартысы тоқ, суға, несиесін төлеуге кетіп жатқан жеке шаруашылық иесі тәжірибелі агрономға жалақыны қалай тауып бере алады? Осыдан барып ашы­лып, кейін шашылып қалған жылыжайлар да жетерлік. 2017 жылы бұқаралық ақпа­рат құралдарында Шым­кенттің іргесіндегі ірі жы­лыжай шаруашылығы құлдыраудың алдында тұр деген жарияланым желдей есті. 2009 жылы мемлекеттен 300 миллион теңге қолдау алған кәсіпкер жылыжайды салып, оны агроталаптарға сәйкес жабдықтаған да бо­латын. Бірақ екі-үш жыл өнім алып келген серіктестік жұ­мысты жүргізе алмай, шы­ғынға батыпты. Кейін бұл ірі жылыжай сатылуға қо­йылды. Міне, осындай ірі кәсіпорын жабылып жат­қанда шаруа­шылық жы­лыжайға ақша бөлу, мил­лиардтарды желге шашу емес пе? – Ауыл шаруашалығы саласы бүгінгі таңда бұрын­ғыдай дәстүрлі егіншілік не­месе дәстүрлі мал шаруа­шы­лығын құру ұғымынан өтті. Ендігі кезде ауылшаруа­шылық саласына білім мен ғылым көмекке келуі керек. Себебі білімсіз саланың алға жылжуы мүмкін емес. Осыған сай біздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтары болашақта нәтижелі жұмыс істеуге ын­талы болса, білім мен білікке назар аударуы қажет. Осы­лайша, ғылым мен білім бі­ліктілікпен ұштасқан уақытта ғана мол өнім аламыз. Оған біздің елде де мысалдар жет­кілікті. Енді жылыжай ша­руашылығы да дәл осындай әлеуетті талап етеді. Себебі ол жылыжай біздің елде соңғы жылдары ғана қолға алына бастаған жаңа технология. Бізге шетелдік тәжірибені пайдалануға болады. Бірақ ол жақтағы климаттық және топырақ жағдайлары бізді­кіне мүлде ұқсамайды. Сон­дықтан көп жағдайда шетел­дік тәжірибе біздің елге келгенде кейбір тұстары жағынан кемшілік туындап жатады. Сол себепті отандық ғылымды қолданбайынша жылыжай кешенін толықтай жұмыс істету мүмкін емес. Қазіргі кезде жылыжай ша­руашылығын дамыту үшін алдымен жер таңдалады және топырақ жағдайын бүге-шүгесіне дейін зерттеп барып істі бастау абзал, – дейді С.Сейфуллин атындағы қа­зақ агротехникалық универ­ситетінің баспасөз орталы­ғының жетекшісі Бердібек Хабай. Әрине, Қытай мен Өз­бекстаннан келген емес, Қа­зақстанда өсірілген көкөністі жеуі керек. Ол үшін шетелдік мамандарды тарта бермей, өзіміздің жергілікті жастарды, ғылымды ұштастыра отыра оқытқан жөн. Сонда ғана же­тістікке жетеріміз хақ.    width=Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ