Атырау облысында баланы тепкен балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің баланы тепкен сәті түсірілген  бейнежазба тарады, - деп жазады Aikyn.kz.

Кейін белгілі болғандай, оқиға «Зейнеп-Амина» жекеменшік балабақшасында болған.

Балабақша басшылығының айтуынша, құқықбұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан шығарылған.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн.