Универсиада: Софья Самоделкина қола жүлде жеңіп алды

Италияда өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада кезекті жүлде қоржынымызға түсті.

Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер бәсекесінде сынға түскен Софья Самоделкина қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әйелдер арасындағы жарыстың нәтижелері:

Рион Симиоши - 204.29 ұпай (Жапония)

Моне Чиба - 203.85 ұпай (Жапония)

Софья Самоделкина - 190.96 ұпай (Қазақстан).

Бұл - мәнерлеп сырғанаудан қысқы Универсиада тарихындағы екінші медаль. Бұған дейін 2019 жылы Елизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені алған.

Ал ерлер сайысында Михаил Шайдоров екінші қысқы Универсиадасында да 4-орынға тұрақтап, жүлдеге сәл ғана жетпей қалды.

Ерлер арасындағы жарыстың нәтижелері:

Юма Кагияма - 289.04 ұпай (Жапония)

Даниэль Грассль - 280.56 ұпай (Италия)

Ча Чун-хван - 264.94 ұпай (Корея)

Михаил Шайдоров - 260.15 ұпай (Қазақстан).