Коронавирустың кесірінен жұмыссыз қалған қазақстандықтарға қанша ақша төленеді

Коронавирустың кесірінен жұмыссыз қалған қазақстандықтарға қанша ақша төленеді

Қазақстанда коронавирусқа байланысты кинотеатрлар мен СОО жанындағы балалар алаңдары жабылды. Қазақстандықтардың бір бөлігі жұмыссыз қалды.

"13 наурыздан бастап бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды, оның ішінде кинотеатрлар, сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалар ойын алаңдары жабылды. Осыған байланысты, кейбір жұмыс берушілер өз қызметкерлерін демалысқа жіберуге мәжбүр. Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес, жұмыс беруші мен қызметкерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалуды ресімдеу тәртібі мен уақытша тұрып қалуды төлеу шарттары ең төменгі жалақыдан төмен емес мөлшерде белгіленеді", - деп хабарлады Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев ОКҚ брифингінде.
2020 жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңгені құрайды.
"Егер еңбек немесе ұжымдық шарттарда көзделсе, төлем жоғары болуы мүмкін", - деп толықтырды ол.