Шығыс Қазақстанда пневмонияға шалдыққандар саны күрт көбейді

Жыл басынан бері облыста пневмониямен ауырған 600-ден астам науқас тіркелді.

Шығыс Қазақстан облысында кейінгі бір жарым ай ішінде пневмонияға шалдыққандар саны күрт көбейген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері облыста пневмониямен ауырған 600-ден астам науқас тіркелді.

– 2024 жылдың 1 желтоқсанынан осы уақытқа дейін пневмонияға 1963 адам шалдыққан. Өткен жылдың және оның алдыңғы жылдың сәйкес кезеңінде облыстың тек 886 тұрғынынан пневмония анықталған болатын, –делінген ақпаратта. 

Ведомствоның хабарлауынша, науқастар санының артуы диагностиканың жақсаруымен байланысты болып отыр. Пациенттердің көбіне аурудың бактериялық түріне қатысты диагноз қойылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.