Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыс етті. Мемлекеттік стипендия әдебиет пен өнер саласындағы 75 адамға берілді.

Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мә­дениет және өнер қай­раткер­ле­ріне, шығармашылық қызмет­кер­леріне және жас дарындарға қол­дауы мен қамқорлығының ай­ғағы. Сондай-ақ олардың ұлт мә­дениетін өркендетіп, әлемге та­нытуға қосқан елеулі үлесіне көр­сетілген құрмет. Аталмыш сый­лыққа ие болған әнші Қайрат Байбосынов бұл сыйлықтың өнер адамдарына деген мемлекеттің зор қолдауы мен құрметі екенін жет­кізді. «Мемлекетіміз қашанда әде­биет пен өнер қайраткерлеріне қол­дауын аяған емес. Осы уақыт­қа дейін қал-қадерімізше елге ең­бек еттік, өнерімізді халыққа ар­надық. Міне, бұл сыйлық со­ның жемісі деп ойлаймын», – дей­ді өнер иесі. Ал сыншы, жазушы Амангелді Кеңшілік болса, бұл құрметтің өнер мен әдебиетті дамытуда үлесі зор екенін айтады. «Мемлекетіміз жыл сайын түрлі мәдени іс-шаралар өткізіп, өнер мен әдебиет саласына айрықша көңіл бөлуде. Қаламгерлердің кі­та­бын шығарып, олардың қа-ла­м­а­қысын беріп, жаңа туынды ту­дыруына ынталандырады», – дей­ді ол.

Мемлекеттік стипендия Аса­нәлі Әшімов, Ілия Жақанов, Би­бігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіп­жан, Меруерт Өтекешова, Дулат Иса­беков, Төлен Әбдік, Юрий Ара­вин, Сержан Шәкірат, Аман­дос Ақанаев, Татьяна Тарская, Гүл­вер Разиева секілді әдебиет пен өнер майталмандарына та­быс­талды.

Сонымен қатар Канн халық­аралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмоваға, балерина Та­тья­на Тенге, опера солисі Мақ­сат Са­матовқа және өзге де жас да­рын­дарға мемлекеттік қолдау көр­сетілді.

Жалпы, стипендия иегерлері мемлекеттің қаржылай қолдауы арқасында шығармашылықпен алаңсыз айналысуға мүмкіндік алады.  Бұл стипендия еліміздегі мә­дениет және өнер саласының дамуына ықпал етіп қана қоймай, тың идеялар мен жобалардың іске асуына септігін тигізері сөзсіз.

Наурызбек САРША