Тоғызқұмалаққа – жаңа басшы

Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясы басшылығында өзгерістер болды. Федерация президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды.

Ал бұған дейін республикалық федерацияны басқарған қоғам қайраткері Әлихан Байменов ұйымның құрметті президенті болып бекітілді. Сонымен бірге Әлихан Байменов Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президенті қызметін жалғастырады.

Астанада өткен рес­пуб­ликалық федерацияның жи­ын­ында Әлихан Байменов осы күнге дейін ҚР Тоғыз­құмалақ спорты федерац­иясы вице-президенті қызметін атқарған Әкім Тұрсұнды фе­дерация басшысы қызметі­не ұсынды. Отырысқа қатыс­қан өңірлік федерация же­т­ек­шілері, тоғызқұмалақ қай­раткерлері және федера­ция басшылық құрамы ұсын­­ысты қолдап, Ә.Тұрсұн­ды ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы президенті лауазымына сайлады. 

Айта кету керек, Әлихан Бай­менов республикалық федерацияны 2004-2025 жыл­дар аралығында бас­қарды. Сондай-ақ бұл бас­қосу­да рес­пуб­ликалық фе­дера­цияның вице-­президенттері лауазы­мына Батырбек Құлекеев, Шолпан Қадырова, Мақсат Шотаев, Дәулет Әбдікәрімов сай­ланды. Мақсат Шотаев вице-президенттікпен бірге Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясында бас хатшы қызметін атқарады. Федера­цияның құрметті президенті, президент, вице-президент және бас хатшы қызметтері – қоғамдық негіздегі жұмыс. Ал Тоғызқұмалақ спорты федера­циясы PR директоры лауазы-м­ына журналист Ришат Асқар­бек­ұлы тағайындалды.

Отырыс барысында фе­дер­а­циясының құрметті пре­зиденті Әлихан Байменов жинал­ғандарға 2024 жылы атқарыл­ған жұмыстар мен шаралар­дың есебі бойынша ақпарат берді. Өткен жыл ұлттық зият­­керлік ойынның ерекше даму жылы болғанын және V Дүниежүзілік көшпен­ді­лер ойыны елдегі тарихи оқиға­лардың бірі екенін атап өтті. Жыл қорытындысына сәйкес дәстүрлі жүздеген шарамен қатар, тың және ірі жаңалықтар мол болды.

Бұл шаралар Дүниежүзілік және Тоғызқұмалақ спорты федерациясы мен өңірлердегі тоғызқұмалақ федерация­ларының, Туризм және спорт министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Спортты қол­дау қорының және жергі­лікті әкімдіктердің, спорт бас­қармаларының тығыз әр­іп­­тестігімен тоғызқұмалақ жанашырлары, демеуші кә­сіпкерлердің қолдауы ар­қа­­сында жүзеге асырылды.