Ішкі істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Біздің мыңдаған азаматтарымыз шетелдерде оқып немесе жұмыс істеп жүр. Олар өзара Telegram және WhatsApp чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі.
Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады.
Бірақ ақша ауыстырғысы келетіндерді тікелей байланыстырмай, оларға криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді.
Түскен қаражатты алғаннан кейін олар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді. Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осындай алаяқтық жағдайлар болды.
– Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз, – деді ведомствода.