Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің өкімімен Ақжол Болатұлы Қылышбаев Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Ақжол Болатұлы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Өндiрiс ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.
Ақмола облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында және Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінде бас маман лауазымдарын атқарған.
Әр уақытта Энергетика басқармасының құқықтық бөлімін және энергетика және жылумен жабдықтау нысандары бөлімін басқарған.
– Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақмола облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болған. Өткен жылы Ақмола облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарған, – деп толықтырды Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін өңірде Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып Нұрбек Бадырақов тағайындалған еді. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ақмола облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Досұлан Айтбаев тағайындалған.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы