Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Ол бұған дейін Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігері қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Ерлан Бақытұлы Сұлтангереев тағайындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ол 1980 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары: 2003 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі», 2013 жылы Астана медицина университетін «Медицина» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 2004 жылы Жедел медициналық жәрдем ауруханасының хирургия бөлімінде дәрігер-хирург болып бастаған. 2010 жылы осы мекемеде дәрігер-ординатор лауазымына ауыстырылған. 2017-2018 жылдары Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігердің хирургиялық қызмет жөніндегі орынбасары; 2018-2020 жылдары Ақтөбе медициналық орталығының балалар стационарының медициналық директоры қызметтерін атқарған. 2020 жылдың қазан айынан бастап – 2024 жылдың тамыз айы аралығында Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігері қызметінде болды.