Халықаралық әуе рейстері ашылады

Қазақстаннан Қытайға, Вьетнамға және Египетке жаңа әуе рейстері ашылады, жазға дейін Қостанай-Шарм-эль-Шейх және Алматы-Хургада бағытында рейстер ашу жоспарланған.

Наурыз айынан бастап  Air Astana  әуекомпаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады, – деп хабарлайды Аikyn.kz  Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрлік тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршрут бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.

Көктемгі-жазғы маусымнан бастап  Air Cairo  әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр, сондай-ақ аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарлануда.

Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.