Түркияда шахтада жарылыс болып, жұмысшылар үйінді астында қалды

Апат орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Түркия Республикасының шығысында орналасқан шахтада күшті жарылыс болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, екі жұмысшы үйінді астында қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

İhlas (İHA) агенттігінің мәліметінше, апат орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

«Аладжакая ауданындағы Элазыг шахтасында жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, үйінді астында екі жұмысшы қалып қойған. Жұмысшыларды шығару жұмыстары басталды», – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.