Ұлттық қауіпсіздік комитеті экстремистік топ мүшелерін ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экстремистік топ мүшелерін ұстады
Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 22 қаңтарда Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен 4 ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деген деген күдікке ілінді.

Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.

– Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.