Ақтөбеде қатарластарын қорқытып, ақша бопсалаған бір топ студент ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасына хабарлады.

Ақтөбеде полицейлер ақша бопсалады деген күдікпен бір топ жастарды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ақтөбе оқу орындарының бірінің үш студенті ұсталды. Олар 18 жастағы екі жәбірленушіні қорқытып, 100 мың теңгеге жуық қаражат бопсалаған", – делінген хабарламада.

Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар кінәсін мойындап, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Полиция оқу орындарындағы қылмыс фактілеріне уақытылы ден қоюдың маңыздылығына мән беріп, жастар арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырды", – деп қосты полиция.