Көлік нөміріне қар қатып қалса, қанша теңге айыппұл қарастырылған?

ІІМ жүргізушілерге шұғыл үндеу жасады.

Қыстыгүні көлік нөміріне қар қатып қалса да айыппұл салынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қыста кейбір көлік жүргізушілері көліктерінің нөмірлерін тазалауға салғырт қарайды. Мұндай көлік жүргізушілеріне ӘҚБтК-нің 590-бабы  1-бөлігі ("Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу") бойынша айыппұл салынады.

"Оқылмайтын немесе сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлері (белгілері) орнатылған көлікті жүргізу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", – деп жазылған бапта.

2025 жылға бекітілген 1 АЕК – 3 932 теңгеге тең. Осылайша, көлік нөмірін қардан тазаламаған жүргізушілер 19 660 теңге айыппұл төлеуге тура келеді.