Қазақстанда тағы бірнеше жол учаскесі ақылы болуы мүмкін

Оның ішінде Үшарал-Достық тасжолы да бар.

Елдегі тасжолдың тағы бірнеше учаскесін ақылы ету жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Көлік министрлігі бекіткен бұйрықтың жобасы жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталына салынды, оған сәйкес келесі учаскелерді ақылы ету жоспарланып отыр:

  • Балқаш-Бурылбайтал;
  • Ақтау-Бейнеу;
  • Қандыағаш-Мақат;
  • Қостанай-Денисовка;
  • Таразды айналып өтетін жол;
  • Үшарал-Достық;
  • Шу-Бурылбайтал.

Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" порталында 4 ақпанға дейін қолжетімді.