Каспий теңізі маңында 3,1 балдық жер сілкінісі болды

Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Каспий теңізі маңында магнитудасы 3,1 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 25 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 18.22-де болған.

«Жерасты дүмпулерінің ошағы 66 шақырым тереңдікте болған. Эпицентр Ақтау қаласынан 460 шақырым қашықтықта орналасқан. Координаттары: 39°34′48″ солтүстік ендік, 51°36′36″ шығыс бойлық», – делінген хабарламада.

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ақпарат түспеген. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.