Атырауда өрт шыққан үйден 13 адам құтқарылды

Атырауда өрт шыққан үйден 13 адам құтқарылды
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атыраудағы Авангард ықшамауданында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, өрттен 13 адам құтқарылды. 

– Жедел келген өрт сөндірушілер 9 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, көрші пәтерлерден 13 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.