Еркін күрес: Эльмира Сыздықова Ресейде өткен турнирде топ жарды

Осылайша Сыздықова маусымдағы екінші жетістігіне жетіп отыр.

Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин турнирінде қазақ қызы Эльмира Сыздықова жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Әйелдер күресінен 76 келі салмақта бақ сынаған Сыздықова финалда моңғол балуаны Даваанасан Енх-Амарды таза жеңді. Осылайша Сыздықова маусымдағы екінші жетістігіне жетіп отыр.

Сондай-ақ 62 келідегі Виктория Хусаинова күміс медаль иеленді. Ол Беларусь балуанымен 4:4 есебімен тең түсті. Бірақ төрешілер жеңісті қарсыласқа берді.

Осы салмақта сынға түскен Тыныс Дубек қола медаль жеңіп алды.