«Жайлы мектептің» құрылысы аяқталуға жақын

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында Жанқожа батыр ауылында 300 орындық «Жайлы мектеп» салынуда.

Кеше партияның аудандық фи­лиалының атқарушы хатшысы, ау­дан­дық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев, партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясы­ның төрағасы Әділбек Сарабеков, ко­миссия мүшесі Арғын Орымбаев жә­не аудандық білім бөлімінің бас­шысы Әділхан Жөлекешов аталған бі­лім ошағының құрылыс жұмы­сы­на партиялық бақылау жүргізді. 

Ауыл тұрғындары үшін аса маңыз­ды саналатын құрылыс ныса­нының бүгінгі жай-күйімен және дайын­ды­ғы жөнінде «Асар» ЖШС мердігер ұйы­мының өкілдері баяндады. 2 қа­­баттан тұратын ғимараттың бүгін­де қабырға кірпіші өріліп, төбе ша­тыры жабылған. Қазір ішкі әрлеу, яғ­ни қабырғасын сырлау, еденін тө­сеу, жабдықтарын орнату, сондай-ақ сыртқы абаттандыру және т.б. жұ­мыстар жүруде.

Құрылыс жұмысымен танысу барысында партия өкілдері мердігер ұйымға нысанның сапалы әрі уақы­тылы аяқталуын қамтамасыз етуді, жұ­мысшылардың қауіпсіздігін сақ­тау және құрылыс материал­дары­ның талапқа сай болуын басты на­зар­да ұстау қажеттігін айтты. Со­ны­мен қатар мектептің сапалы инф­ра­құры­лымымен қамтамасыз етілуі, яғни су, жарық, жылу жүйелерінің дұ­рыс жұмыс істеуі маңызды екен­дігін атап өтті.

Ә.САМАТҰЛЫ