Мораторий мәселені шеше ме?
Мораторий мәселені шеше ме?
157
оқылды
Үкімет шағын және орта кәсіпкерлік саласының ЖІӨ-дегі үлесін 2050 жылы 50 пайызға жеткіземіз деген жоғары міндет қойып отыр. Өйткені экономи­ка­ның тап осы саласы ел әл-ауқатының көрсеткіші. Бұл үдеден шыға аламыз ба? Рас, экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі өсуде. Өткен жылы ол 29,5 пайызды құрады. Биылға қойған міндетіміз – жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнестің үлесін 30%-ға дейін жеткізу. Ал 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50 пайызға дейін жеткізе алсақ, онда бұл дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келеді. Елімізде кәсіпкерлікті қол­­дау «Бизнестің жол кар­та­­сы – 2020», «Еңбек» және «Қа­ра­пайым заттар эконо­ми­касы» бағ­дарламалары аясында жү­зе­ге асырылуда. Өткен жы­лы осы бағдарламалармен 5 903 жобаға қаржылық қолдау көрсетілді. Оның 3 700-і жұмыс істеп тұр­ған кәсіпорындарға және 2 200-і жаңа өндіріс орнын құруға немесе істеп тұрғандарын ке­ңей­туге бағытталды. Байқап отырсақ, ШОБ-ті мемлекеттік қолдау бар. Бірақ әлі де болса, оның тиімділігін көре алмай отырмыз. Неге? «Өкінішке қа­рай, кәсіпкерлер мұндай бағ­дарламалар және осы бағ­дар­ламалардың шарттары туралы көп біле бермейді. Екінші мәселе – бүгінгі таңда кәсіпкерлердің басым бөлігінің несиесі мен қарызы көп. Банк олардың несие тарихын қарайды да, бағдарламаларға қатысуға келісім бермейді. Бұл – кәсіпкерлердің осын­дай бағ­дарламаларға қол жет­­кізе алмауына бір себеп. Қазір қар­жы­ландырудың жаңа тетік­тері шығып жатыр, мы­салы несие­ден бөлек ин­вес­тиция ар­қылы қаржы­лан­дыруға бола­ды. Міне, осы қар­жы көзінің болашағы зор деп ойлаймын», – дейді эко­но­­мист-сарапшы Бақыт­жан Сәркеев. Өткен бес жылда әкім­ші­лік кедергілерді және биз­нес­­тің түрлі операциялық шы­­ғындарын қысқартуға ба­ғытталған заңнамалық 7 па­кет қабылданды. Бұл әре­кет­тер нә­тижесіз емес. Қазақ­стан биз­несті жүргізу жеңілдігі бо­йынша Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде әлем­нің 190 мемлекетінің ара­­сында ТОП-25 үздік ел­дің қатарына кірді. Бұл – қуанарлық жетістік. ШОБ-ті дамыту үшін заңнамалық па­кет­терді одан әрі жетілдіріп, да­мыту үшін жұмыстар жүр­гі­зі­луде. Мұндағы түпкі мақсат – ШОБ-тің ЖІӨ-дегі үлесін 50 па­йызға жеткізу.    width= «Бизнесті дамытудағы ең үлкен кедергілердің бірі, өкі­нішке қарай бізде мен­шік құқықтары әлі де дұрыс сақ­тал­майды. Мен­шік құқық­тары дегеніміз не? Мәселен, сіз бизнесіңізді жүр­гізіп отырсыз. Сол бизне­сі­­ңіз өзі­ңіз­де қалады деген се­нім бол­майды. Себебі сіздің биз­несіңіз өсіп, табысты бол­ған сайын қандай да бір кедер­гілер жасалып, бизнесіңіз басқа бір адамның қолына өтіп кетуі мүм­кін. Мемлекеттік орган­дар­дың өзі меншік құқығына байланысты кедергі келтіріп жатады. Мәселен, жол саламыз деп сіздің бизнес жасап отыр­ған жеріңізді мардымсыз ақша беріп қайтарып алатын да жағ­дайлар кездеседі. Міне, биз­нес­ті жүргізуге осындай әкім­ші­лік кедергілер әлі де көп. Ең бастысы – бизнесін бастаған кез келген кісі оны дамыта ала­ты­нына сенімді болуы керек», – дейді Бақытжан Сәркеев. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті тексеруге үш жыл­­ға мораторий жариялан­ған. Әрине, ол осы саланың жұ­мысын жандандырудан ту­ған ізгі ой. Үш жылға жасал­ған мораторий ШОБ-ке серпін бере ала ма? Бақылау мен тек­се­русіз салада бейбере­кет­тік­ке жол беріп алмаймыз ба? Экономист бұл әрекеттің сала дамуына серпін беретініне сенімді. Өйткені кәсіпкерлер білек сыбана жұмыс істеуге мүм­кіндік алады. Кәсіпкерлердің жұ­мы­­сын бақылауды өзін-өзі рет­теу ұйымдарына, яғни қо­­­ғамдық ұйымдарға беру керек. Олар қажетті ереже­лер мен регламенттерді өзде­рі дайындап отыруы тиіс. «Өйт­кені өмір бақи мора­торий өт­кі­­зумен саланы алға жыл­жыта алмаймыз. Мораторийдің ке­рі жақтары да бар. Мора­то­рий мерзімі аяқталған соң мем­ле­кеттік органдар бұрын­ғы­дан бетер шүйлігіп тексеріп, ке­дер­гі келтіруі мүмкін», – дейді экономист-са­рап­шы. Қазіргі таңда жалпы­рес­пуб­ликалық және аймақтық бағдарламалар бар. Әсіресе, осы аймақтық бағдарламаларда мейлінше жергілікті жердің жағ­дайына қарай қаржы бөлу жа­йын пысықтау керегі жиі ай­ты­лып жүр. Мәселен, Нұр-Сұл­тан мен Алматы қала­ла­­рында негізінен қызмет көр­сету саласы, қоғамдық та­мақтану, туризм мен сауда сала­сы қаттырақ дамып келе жатса, Түркістан облысы кә­сіп­­­керлері өңдеу саласына көбірек ден қоюға бағыт алды, ал Қызылорда мен Павлодарда ауыл шаруашылығы саласын да­мыту үшін қаржы керек. Міне, осылай әр өңірдің жағдайы­на қарай бөлін­ген қаржыны бағыттап отырсақ, бұл эко­но­ми­ка­ны тиім­ді бас­қарып, оның нәти­же­сін көруге сеп болмақ.    width=Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ