Павлодарда жүк көлігі әйел адамды қағып өлтірді

Әйел есін жимастан, ауруханада көз жұмды.

Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні кешке Павлодардағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белгілі болғандай, Назарбаев даңғылы бойындағы №34 үйдің ауласында "МАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні байқамай қалып, оны басып өткен.

Әйел ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізіліп, есін жимастан, көз жұмды.

– Көлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр, – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.