Продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Шетелде демалып жүрген видеосын жүктеген продюсерге оқырманы сын айтқан. Ол «одан да осы ақшаға Жұлдызға үй алып бермейсіздер ме?» деп жазды.
«Неге өтірік парақша ашып жазып отырсың?! Жұлдызға үйді сен алып бермейсің ғой, не алса да біз алып беретін шығармыз. Ұлымның отбасы – біздің де отбасымыз, әр нәрсенің өз уақыты болады. Біреудің отбасынан кір іздеп, неге ақыл айтқышсыңдар? Өз отбасыңда бәрін кемшіліксіз, керемет қылып қойып па едің? Керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскіленген жаңына ләззат сыйлайды ма?», – деп жауап берді Гүлзира Айдарбекова.