Павлодарда 74 жастағы әже мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды

Павлодарда 74 жастағы әже мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды
Ол өз кінәсін мойындады.

Павлодар соты қала тұрғынына көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған азаматша И.-ге қатысты істі қарады (ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б.).

– Сот 2024 жылдың желтоқсанында 1951 жылы туған азаматша И. алкогольдік масаң күйде "Toyota" маркалы көлік құралын басқарғанын анықтаған. Сот отырысында азаматша құқық бұзушылық дерегін мойындады.

Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, медициналық куәландыру қорытындысы, бейнежазба арқылы расталады.

Сот азаматша И.-ді ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады, – делінген ақпаратта. 

Қаулы заңды күшіне енді.