Қазақстан WT таеквондо федерациясы «Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» марапаттау рәсімін өткізеді

Іс-шара аясында жыл қорытындыланып, 2024 жылы ірі жетістіктерге жеткен әрі аталған спорт түрінің дамуына зор үлес қосқан спортшылар, бапкерлер және төрешілер марапатталады.

Астана – 2025 жылдың 1 ақпаны күні Астанадағы Rixos қонақүйінің «Жерұйық» залында «Қазақстан WT таеквондо федерациясының» ұйымдастыруымен «Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» салтанатты шарасы өтеді.

Салтанатты іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрі, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің, ҚР Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің жетекшілері, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, спортшылар, бапкерлер, төрешілер мен таеквондо және пара таеквондо ардагерлері қатысады.

Іс-шара аясында жыл қорытындыланып, 2024 жылы ірі жетістіктерге жеткен әрі аталған спорт түрінің дамуына зор үлес қосқан спортшылар, бапкерлер және төрешілер марапатталады.

«Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» – қазақстандық таеквондо спортының жетістігін асырып, осы спорт  түрінің елімізде кең таралуына үлес қосқан ұлы тұлғаны есте сақтау мақсатында өткізілетін жыл сайынғы жүлдеге айналмақ. 

«Қазақстан WT таеквондо федерациясы» аталған іс-шараның дәстүрге айналып, таеквондоның Қазақстандағы дамуына тікелей әсер ететін және осы спорт түрінің құндылықтарын арттыратын жоба боларына сенім білдіреді.

Өтетін уақыты: 1 ақпан 2025 жыл

Өтетін орны: Rixos қонақүйі, «Жерұйық» залы