ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті коронавирус жағдайлары расталған үш рейс жолаушыларына үндеу жасады.
Сонымен қатар, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 12 наурызда сағат 06.10-да келген Мәскеу - Нұр-Сұлтан № SU - 1956 рейсінің жолаушыларын және 10 наурызында келген Варшава - Нұр-Сұлтан № 195 жолаушыларын 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуға шақырды. Еске салайық, бүгін Қазақстанда тіркелген коронавирус жағдайының саны алтауға жетті. Олар дәрігерлердің қатаң бақылауда, карантинде жатыр.