Үлкен сабақ болды: Қыз зорлады деп айыпталған спортшының әйелі тың дерек жариялады

Үлкен сабақ болды: Қыз зорлады деп айыпталған спортшының әйелі тың дерек жариялады
Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты дау жалғасып жатыр.

Спортшының әйелі, блогер Клара Иса оқырмандарымен сырласып, сұрақтарына жауап берді, – деп жазады Aikyn.kz.

“Ажырасып кетпей, қалай шыдадыңыз?” деген сауал жолдады желі қолданушыларының бірі. 

“Ет пен сүйектен жаралған адам болғасын әсер етпей қоймағаны рас. Ол қыздың ойдан шығарылған қиялы үшін емес, елдің жазған хаттары ауыр тиді. Кім екенін көріп, өмір салтын түсінгесін көңілім орнына түсті. Жала жауып отырған ер-азаматы жалғыз Жанқош емес екен. Ондай еркектер көп екен, ол қыз арыз жазып жүрген. Алла сана берсін дейміз. Әр нәрсенің қайыры бар. Үлкен сабақ болды. Екеуіміздің бір-бірімізге деген сыйластығымызды арттырды. Ешкім ажырасудан сақтандырылмаған. Тағдырда бар болса, одан қашып құтыла алмайсың. Өмір онымен тоқтап қалмайды. Адам неден қатты қорықса, соған тап болады. Сол үшін тек жақсы нәрсе ойлауға тырысыңыз”, – деп жазды Клара Иса. 

Айта кетейік, белгілі боксшы Жанқош Тұраров танымал композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызын зорлады деп айыпталған еді.