Жер сілкінісін қазақстандық сейсмикалық стансалар тіркеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СБЖЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 2025 жылғы 1 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 07:05-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі ошағы - Қытайда, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде орналасқан», - делінген жер сілкінісі туралы хабарламада.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметінше, зілзаланың күші 4,5 балл болған. Жер асты дүмпулері сезілмеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.