Полиция қызметкерлері шатырдан секірмек болған ер адамды құтқарды

Полиция қызметкерлері шатырдан секірмек болған ер адамды құтқарды
1 ақпанда сағат 10:06 шамасында полицияға қала тұрғынынан хабарлама түскен.

Атырауда тәртіп сақшылары өзіне қол жұмсамақ болған 19 жастағы азаматты аман алып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полицияға келіп түскен хабарламаға сәйкес, ағасы інісінің «Алмагүл» шағынауданындағы көпқабатты үйдің шатырында өзіне қол жұмсамақ болып тұрғанын айтқан.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері – аға лейтенанттар Серік Жолдығалиұлы мен Нұрсұлтан Жақсыбаев, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары – лейтенант Бағытжан Сабырғалиев пен капитан Ерболат Сапашев дереу жеткен.

Полицейлер шұғыл әрекет етіп, жігітті шатырдан түсіріп алды. Қазіргі уақытта ол жедел-тергеу тобына тапсырылып, оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.