Ақтауда төбелескен жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

Оқиға кезінде екі жасөспірім төбелескен, ал үшінші бала оларды видеоға түсірген.

Ақтауда полицейлер көшеде төбелес ұйымдастырған мектеп оқушыларын анықтады, – деп хабарлайды  Маңғыстау облыстық Полиция департаменті.

Оқиға кезінде екі жасөспірім төбелескен, ал үшінші бала оларды видеоға түсірген.

Полицияның мәліметінше, төбелеске қатысқан екі жасөспірімнің де ата-анасына әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар полиция оқиғаны видеоға түсірген баланың да заңды өкілдерін жауапқа тартты.

Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалардың тәрбиесі мен мінез-құлқын мұқият қадағалауға шақырды. Сондай-ақ жасөспірімдердің төбелеске баруы әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені ескертілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз