Маңғыстаудағы балабақшада балалар астан уланып қалды

Маңғыстаудағы балабақшада балалар астан уланып қалды
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлердің көмегіне 37 бала жүгінген.

Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылындағы балабақшалардың бірінің тәрбиеленушілері астан уланған, – деп жазды Aikyn.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлердің көмегіне 37 бала жүгінген. 

"Жедел жәрдем қызметіне Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылы тұрғындарынан 31 қаңтар күні сағат 20:13 те шақыру түскен. Олар іш тұсының ауырсынуына шағымданған. Жедел жәрдем қызметкерлері тұрғындарды тексеріп шыққан. Дәрігердің көмегіне жүгінген 37 адамның төртеуі, бір ересек пен 3 бала ауруханаға жатқызылды. Қалғандары амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді. Қазір балабақша жабық. Құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.