UFC промоушені қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың жекпе-жегіне өзгеріс енгізуі мүмкін, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Асу Алмабаевтың аустралиялық Стив Эрцегке қарсы жекпе-жегі 1 наурыз күні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өтеді. Әуелгі жоспар бойынша екі файтердің кездесуі басты кездесулердің ішінде 2 немесе 3 кезекте тұрған. Енді белгілі болғандай, бас кездесуде шығады деген Брэндон Ройвал мен Манел Капе жекпе-жегі болмайтын болды. Осыған орай, UFC Асудың жекпе-жегін басты кездесуге қоюы ыңтимал.
" UFC, мен жоспардың кез келген өзгерісінің бәріне дайынмын. Мен кіммен болса да кездесе аламын" ,- деп жазды Асу Алмабаев өзінің жеке Instagram аккаунтында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты«Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз