Қазақстан құрамасының керлингшілері Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
6 ақпанда спортшылар аралас жұптар арасындағы топтық кезеңде Қырғызстанға қарсы кездесу өткізді.
– Кездесу 12:5 есебімен қазақстандық дуэттің пайдасына аяқталды.Бұл жеңіс команда үшін қатарынан екіншісі болды. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Қатарды жеңген еді, – делінген ҰОК мәліметінде.
Төрт матчтың қорытындысы бойынша, Қазақстанның еншісінде екі жеңіс пен екі жеңіліс бар. Біздің керлингшілер бұл кезеңдегі соңғы кездесуін бүгін Филиппиндерге қарсы өткізеді.