Ауа райы бұзылып, 2 облыста жол жабылды

Жолды 7 ақпанда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

«ҚазАвтоЖол» ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2025 жылғы 6 ақпанда сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды: 

Ақмола облысы: 

– "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Ақмола облысының шекарасына дейін). 

Қарағанды облысы: 

– "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) және 1505-1610 шақырымы аралығындағы (Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) учаскесі. 

Жолды 7 ақпанда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.