Таразда көпқабатты үй өртеніп, 60 адам, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ мәліметінше, Тараз қаласының 2-шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтерде өрт шыққан.
– ТЖМ күштерімен баспалдақ маршымен үйдің 60 тұрғыны, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды.
Кәсіби өрт сөндірушілер өртті өршу кезеңінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.