ІІМ-де бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

ІІМ-де бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Ішкі істер министрлігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің тергеу жөніндегі орынбасары болып Қайрат Сунтаев тағайындалды. Таяуда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті өкімге қол қойған. Өзінің жаңа орынбасарын жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ІІМ аппаратының басшысы болып полиция генерал-майоры Игорь Владимирович Лепеха тағайындалды. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы тағайындалды.