Нигерияның солтүстік-батысында түн ортасында мектеп өртеніп, шырт ұйқыда жатқан 17 оқушы тірідей өртеніп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Замфара штатының Каура Намода ауданында болған. Тағы денесін күйік шалған 20-ға жуық бала ауруханаға жеткізілді.
Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Елдің Төтенше жағдайлар агенттігі тергеуді бастады. Нигерия президенті Бола Тинубу қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. Өрт кезінде мектепте 100-ге жуық бала болған.
– Түнгі 2-де қалың ұйқыда жатқанда есікті біреу қағып, «Өрт, өрт!» деп айқайлағанынан шошып ояндым. Жалма-жан тұрып, далаға бірден жүгіріп шықтық. Мектептің төбесі отқа оранған екен. Адамдар іштегілерді құтқарып жатты, – дейді мұғалім Халифа Абубакар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.