«Қазгидромет»: демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады

Республика бойынша екпінді жел мен тұман да күтіледі.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, демалыс күндері елдің батысында, солтүстік-батысында антициклон сілемі бар, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ал республиканың қалған аумағында атмосфералық фронттардың өтуімен және елдің оңтүстігінде циклон ойпатының әсерімен жауын-шашын ылғалды қар мен жаңбыр түрінде, көктайғақ құбылыстарымен, елдің шығысында қарлы боранмен және екпінді желмен жауады деп күтілуде. Республика бойынша тұман да күтіледі.

Батыста түнгі уақытта ауа температурасы -5-13°С, солтүстік-батыста -13-21°С, түнде солтүстікте түнгі температура -7-15°С, шығыста және орталықта-12-20°С дейін, оңтүстікте -1-ге дейін төмендейді деп күтілуде. Оңтүстік-шығыста -5-10°С дейін, таулы аудандарда-13-23°С дейін суық болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.