Жоғалған 2 оқушы қыз Алматыда пәтерден табылды
Жоғалған 2 оқушы қыз Алматыда пәтерден табылды
189
оқылды
Алматы облысының Ескелді ауданында қаңтардың 21-і жоғалған қыздар табылды. Оқушылар Алматы қаласы Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен табылып, ата-анасына жеткізілді, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Оқушы қыздар мектептен кейін үйге қайтпай кетіп қалу себебін Алматы қаласын көргіміз келді деп түсіндірген. Қазіргі таңда екеуі де аман-есен отбасымен қауышты. Тәртіп сақшылары оқиғаның қалай өрбігенін нақтылап жатыр. Қыздардың ата-аналары балаларының табылғаны және аман-саулығы жайлы бейне түсіріп әлеуметтік желіге жариялады. Олар апалы-сіңілі Ару мен Талшынды іздестіруге жұмылған барша азаматтарды, Ескелді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтып ризашылығын білдірді. Айта кетейік, Ескелді ауданының екі оқушысы Ару Бекберді мен Талшын Қызырбайдың жоғалғанын хабарлаған болатынбыз.