Мұздағы мақтаныш

Елімізде спортты қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе, бұқаралық спортты дамытуға мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар бекітіліп, түрлі спорт кешендері ашылған.

Жастардың саламатты өмірі спортпен байланысты екені мәлім. Сондай-ақ қай жаста болмасын спорт арқылы чемпиондық деңгейге жетуге барлық мүмкіндік қарастырылған. 

Астанадағы «Алау» мұз айды­­ны – еліміздегі қысқы спорт түр­лерін дамытуға арналған ең таң­даулы кешендердің бірі. Заманауи инфрақұрылымы мен жоғары дең­гейдегі қызмет көрсету сапа­сы­ның арқасында бұл кешен ха­лықаралық стандарттарға сай ке­летін беделді спорттық орта­лық­қа айналды. «Алау» көп­функ­ционал­ды ке­ше­нінде жастар мен жасөс­пірім­дерге қажеттінің бәрі бар. 400 метрлік жылдамдық жо­лағы конь­ки құмар жандар үшін таптырмас мүмкіндік десек бо­ла­ды. Маман­дардың ай­туын­ша, арнайы тех­нологиялар не­гізінде жабдықталған мұз жа­бын­дысы әлемдік деңгейдегі жа­рыс­тарды өткізуге толық жауап бере алады. «Алау» – мұз айдыны ғана емес, халықаралық жарыстар өтетін алаң. Мұнда Азия ойындары, Дү­ниежүзілік Қысқы Универ­сиада, Жылдамдықпен коньки тебу бо­йынша Әлем кубогының ке­зең­дері, Қазақстан чемпионаттары өтті. 

Бүгінде мұз кешенінде тәжі­рибелі мамандардан тәлім алып жүрген жасөспірім спортшы­лар­дың қатары күн санап артып келеді. Солардың бірі – 16 жасар Жанарыс Мағжан. Ол жасөс­пі­рімдер ара­сындағы Қазақстан чемпионатында екінші орын ие­ленген және қазір шорт-трек спор­тындағы мықт­ы­лардың қата­рында. Алдына таудай мақсат қоя білген Жанарыстың арманы көп. 

«2-сыныпта оқып жүргенімде бапкеріміз мектепке келіп, бізді осы спорт түріне ша­қырды. Қы­зығып, ата-анама шорт-трекке қатысқым келетінін айттым. Олар бірден қолдау білдіріп, мені «Алау» спорт кешеніне әкелді. Содан бері осы жерде жаттығып келемін. Командалық есепте ел чемпио­на­тында жеңіске жеттік. Келесі жылы әлемдік аре­наларда бақ сынағым келеді», – дейді ол. 

Оның шорт-тректегі ең сү­йік­ті, үлгі тұтатын спортшысы – ұлттық құрама капитаны Денис Никиша. Олар бір бапкерден тәлім алған. Жанарыс жарыс мау­сымы бастал­ғанға дейін фи­зи­калық дайын­дықты арттыруды мақсат етіпті. «Егер физикалық дайындықты күшейтпесек, ере­сектер қатарына қосылғанда қиын­дық туындауы мүмкін» дейді. Оның айтуынша, ақпан айы­ның соңында жасөс­пірімдер арасындағы Қазақстан чемпио­наты өтеді. 

«Шорт-трек – тактикаға негіз­делген спорт. Қарсыластарды же­ңу үшін әртүрлі стратегия қа­жет. Әр жарыстың алдында қар­сыластары­мыздың стилін зерттеп, тактикалық дайындық жүргізу өте маңызды. Бұл спортқа қызыққан жас спорт­шылар алдына нақты мақсат қо­йып, бар­лық жаттығу­ларды орын­дауы ке­рек», – дейді болашақ чем­пион.

«Алау» мұз айдыны чемпион­дыққа апарар жол екені даусыз. Осы жолдан шығып, әлемді ба­ғындыратын мұздағы мақтаныш­тарымыз көп болсын!

Әлихан АЙТБАЙ, 

Қ.Ясауи атындағы 

Халықаралық қазақ-түрік 

университетінің 2-курс студенті