Каспий теңізінде бесінші жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы (ҰҒА) жанындағы Республикалық сейсмологиялық барлау орталығының сейсмографтарының мәліметінше, жер сілкінісі кеше, 7 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04.17-де болған.
Оның ошағы 39 шақырым тереңдікте орналасқан. Магнитудасы – 3,1 балл.
Зілзала ошағынан Ақтауға дейінгі қашықтық шамамен 326 шақырым.
Координаттары: 40°45′36″ солтүстік ендік, 51°36′0″ шығыс бойлық.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.