Тек қазақша түсінетін роботтар алматылықтарды таңғалдырды

Екі роботтың бірі – ит, екіншісі – адам кейпінде.

Белгілі блогер Нұрдаулет Бектұрсын Алматы көшелеріне екі роботын ертіп шығып, жұрттың назарын аударды, деп хабарлайды Aikyn.kz.  

 

Ол серіктерін қаланың ең көп жүретін орындарының бірі – «Арбатта» таныстырып, қызықты видеосын жариялады.

 

Бірі – ит, бірі – адам бейнесіндегі «саналы темірлер» тек қазақ тілін түсінеді екен, тіпті, ағылшын тілін естігенде құлап қалатын әдеті бар.


Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» 
Telegram арнасынан таба аласыз.