Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде төсектер пайда болды

Енді сауда орталығының ішінде тәтті ұйқыға кеткен алматылықтарды көруге болады.

Журналист Рашит Ілиясов қазақстандықтардың көбісі жеткілікті уақыт ұйықтамайтындарын айтып, видеосын бөлісті– деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Алматы қаласындағы сауда орталықтарының бірінде төсектер қойылды: қалалықтар мызғып алу мүмкіндігін пайдаланып, рақаттанып ұйықтап жатыр. 

Ұйқы жетіспеушілігі қалада жұмыс істейтіндер арасында жиі кездеседі. Статистика бойынша, қазақстандықтар белгіленген 8-9 сағаттың тек 6,5 сағатын ұйқыда өткізеді, ал жол апаттарының 30%-ы жүргізушілердің шаршағанынан болады екен», – деді журналист. 

Оның айтуынша, күндізгі ұйқы – ағзаның қарапайым қажеттілігі, мәселен, Жапония мен Испанияда жұмыс орнында ұйықтауға жағдай жасалған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.